Түркістан облысы. BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Болат Төкежанов жұмыс тобын бастап келген болатын. Іссапар барысында Министрлік өкілдері өңірдегі медициналық мекемелердің жұмысымен танысып, Елбасының тапсырмасына сәйкес жалақының өсуі, медициналық қызмет көрсету стандарты сынды бірнеше тақырып бойынша семинар өткізді.
Биыл 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының соңғы жылы. Бағдарламада мемлекет – ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға, денсаулық сақтау жүйесін басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған ЭЫДҰ елдерінің стандарттарын кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз етуді қолға алынған.
Осыған орай, Түркістан облысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Болат Төкежанов жұмыс тобын бастап келген болатын. Іссапар барысында Министрлік өкілдері өңірдегі медициналық мекемелердің жұмысымен танысып, Елбасының тапсырмасына сәйкес жалақының өсуі, медициналық қызмет көрсету стандарты сынды бірнеше тақырып бойынша семинар өткізді.
Жауапты хатшы денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдардың басшыларын және әкімшілік-құқықтық бөліміне жауапты қызметкерлерді жинап, саладағы нормативтік құқықтық актілер, медициналық қызмет көрсету стандарты туралы сөз етті. Сондай-ақ басқосуда халықтың денсаулығын жақсартуға арналған бағдарламалардың тиімді тұстары жөнінде кеңінен түсіндірілді.
«Біздің жұмыс тобының келудегі мақсаты – Елбасының Жолдауда айтқан ең төменгі жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын 20%-ға көтеру және келесі жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмысына көшуді әрі қарай белсенді жүргізіп, барлық дайындық жұмыстарын пысықтау. Биыл 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының соңғы жылы. Осы бағдарламада бірқатар міндет, нысаналы индикатор және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері, негізгі бағыттар, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар көрсетілген. Осы шаралардың бәрін аяқтауымыз қажет. Мұның бәрі де халқымыздың денсаулығын нығайтуға бағытталған», - деді Болат Төкежанов.
Қазіргі таңда, «Ауруларды басқару бағдарламасы» жүзеге асырылып жатыр. Дәрігерлер осы оқу бағдарламасынан кейін сертификаттық ақпараттық жүйеге енгізіледі. Бағдарламаға сәйкес дәрігердің жалақысына 20%-ғақосымша ақы төленеді.
Былтыр да әр өңірді аралап екі күндік семинар өткізген Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері биыл іссапарын оңтүстік өңірден бастағаны жайдан жай емес. Өйткені өңірде орналасқан облыстардың әлеуметтік мәселелері күрделі әрі халық саны көп. Бұл әсіресе, ең бірінші денсаулық сақтау саласында айқындалады. Сапар барысында жұмыс тобы Түркістан облысы және Шымкент қаласындағы бірқатар медициналық ұйымның жұмысымен танысып, оң баға беріп кетті.