Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында дауыл соғады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері екі облыста дауылды ескерту жасады.</h4>

 30 Қыркүйек 2019 2019, 17:20
30 Қыркүйек 2019 2019, 17:20
2702

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері екі облыста дауылды ескерту жасады.

1 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. 

Орал қаласында 1 қазанда күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. 

"1 қазанда Түркістан облысының кей жерінде найзағай, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі", - делінген хабарламада. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.  


 

Наверх