Түркістан облысында 600-ден астам мал құжатсыз тасымалданған

Құжатсыз мал тасымалдаған жүргізушілер заң аясында шара қолдану үшін қалалық және аудандық полиция басқармаларына жеткізілді.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 22 Ақпан 2026, 23:28
22 Ақпан 2026, 23:28
848
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Түркістан облысы аумағында мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауқымды рейдтік іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық патрульдік полиция батальоны қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолдарда жеті тәулік бойы тексеру жүргізді. Рейд барысында мал тасымалдап бара жатқан 48 жеңіл және жүк көлігі тоқтатылды.

Тексеру нәтижесінде 38 автокөліктен тиісті құжаттарсыз тасымалданған 613 бас мал анықталған. Құжатсыз мал тасымалдаған жүргізушілер заң аясында шара қолдану үшін қалалық және аудандық полиция басқармаларына жеткізілді.

Іс материалдары учаскелік полиция инспекторларына тапсырылып, әрбір дерек бойынша тексеру амалдары басталды.

Наверх