Түркістан облысы бойынша 73 медициналық ұйым шартқа отырған

10 Сәуір 2019, 16:35
2650
Бөлісу:
Түркістан облысы бойынша 73 медициналық ұйым шартқа отырған

Түркістан облысы. BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына» Түркістан облысы бойынша 73 медициналық ұйым шартқа отырды. Сала мамандары әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі – пациентке бағытталатынын айтты.

Аталған Қор медициналық қызметтерді жеткізушілерімен ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын бақылау және сараптау бойынша жаңа тәсіл қалыптастырды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының медициналық қызметтердің сапасын сараптау бөлімінің басшысы Раушан Мамбетованың айтуынша, медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелер сараптауы 2018 жылғы 29 наурыздағы №138 бұйрықпен бекітілген «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу Қағидаларында» көзделген нормаларға сәйкес жүзеге асырылуда.

«2019 жылы Медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде Түркістан облысының денсаулық сақтау субъектілерімен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін 73 медициналық ұйымымен, соның ішінде 39 мемлекеттік және 34 жекеменшік клиникалармен келісімшарт жасасты. Жалпы, жасалған келісімшарт сомасы 71 550 млрд теңгені құрайды», - деді бөлім басшысы Раушан Мамбетова.

Осы жылдың 2 айында Түркістан облысы бойынша Қормен шартқа отырған барлық 73 медициналық ұйымда 73 444 науқас емделді. Барлық емделген оқиғалардан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сараптау бөлімімен 2576 жағдай анықталып отыр. Кемшіліктердің басым бөлігін емдеу-диагностикалау іс-шараларының стандарттарынан ауытқушылығы, арнайы медициналық көмек және стационарды алмастыратын көмек құраған.

Айта кетейік, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бері тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің және медициналық сақтандыру пакетінің қаржылық операторы және Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген елді мекендер үшін медициналық қызметтерді сатып алады.


 

Өзгелердің жаңалығы