Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Депутат Түркістанға Өзбекәлі Жәнібековтің ескерткішін қоюды ұсынды

24 Тамыз 2021, 12:53
4932
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл толуына орай өткен конференцияда Парламент Сенатының депутаты Алтынбек Нұқұлы ғалымды республикалық деңгейде толыққанды насихаттау үшін бірнеше ұсыныс айтты.


Оның айтуынша, Түркістан қаласындағы Тарихи-этнографиялық музейге, Торғайдағы «Дала өлкесі» тарихи өлке музейіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беру қажет. Оған қоса өзі ашылуына мұрындық болған Арыстан-баб қорық музейі маңында жабылып қалған Өзбекәлі Жәнібеков музейі тарихи-этнологиялық сипатта қайта қатарға қосылуы керек.

 
Екінші, Түркістандағы шағын көше Өзбекәлі Жәнібеков есіміне үйлесімсіз. Сондықтан жаңа орталықтағы кең көшеге ғалымның есімін беріп, еңселі ескерткішін тұғырына орнату қажет. Үшінші, Өзбекәлі Жәнібековтің 5 томдық шығармалар жинағын толықтырып, жарыққа шығару және өмірінен деректі фильм жасау кезек күттірмейтін шаруа. Мұны Мәдениет және Ақпарат министрліктері қолға алады деп сенеміз, - деді депутат.

 
Сондай-ақ, ол ғалым білім алған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Өзбекәлі Жәнібеков атындағы аудитория ашуды және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізуді ұсынды.

Бұл ғылыми-тәжірибелік конференция БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен өтті.



Өзгелердің жаңалығы