Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістан: Ордабасы ауданы 11 мың тоннадан астам ет өндірді

18 Қыркүйек 2020, 12:55
2100
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның 5944,7 тоннасы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, 339,3 тоннасы жеке кәсіпкерлерге тиесілі, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түркістан облысы Ордабасы ауданында үстіміздегі жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ірі қара малдың саны 74 мың, қой мен ешкі 432,1 мың, жылқы 25,6 мың, түйе 740 мың, құс 432,1 мың басқа жеткен.

Түркістан: Ордабасы ауданы 11 мың тоннадан астам ет өндірді

Осы аралықта жалпы ауданда 11 365,2 тонна ет өндірілген. Оның 5944,7 тоннасы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, 339,3 тоннасы жеке кәсіпкерлер және шаруа немесе фермерлерге, 5 211,1 тоннасы жұртшылық шаруашылықтарына тиесілі.

Түркістан: Ордабасы ауданы 11 мың тоннадан астам ет өндірді

Айта кетейік, бүгінде аудан көлемінде 355 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп келеді. Оның 76-сы биыл іске қосылған.

Өзгелердің жаңалығы