Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымындағы (ТМҰ) төрағалығы аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың түркі ұйымдарының бірқатар басшыларымен онлайн кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесуге ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түркі Академиясының Президенті Шахин Мустафаев, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова және Түркі инвестициялық қорының Президенті Бағдат Әміреев қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар ТМҰ 10-шы Саммитінде Мемлекет басшылары берген тапсырмаларының орындалу барысы, а.ж. 5-6 шілдеде Шушада өтетін бейресми және қазан айында Қырғызстанда жоспарланған кезекті 11-ші ТМҰ саммиттеріне дайындық жұмыстары, сондай-ақ Ұйымдардың шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі күшейту бойынша өзекті мәселелерді талқылады.
Ә. Бақаев өз сөзінде «TURKTIME!» сегіз басымдығына негізделген іс-шаралар жоспары қабылданғаны және оны ТМҰ Үйлестіру комитеті шеңберінде түркі ынтымақтастығы ұйымдарының келісілген іс-әрекеттері арқылы іске асыру маңыздылығына ерекше тоқталды.