Түркі мемлекеттері арасында сауда жолын жеңілдету Қазақстанға не береді?

13 Қыркүйек 2024, 11:03
361
Бөлісу:
Түркі мемлекеттері арасында сауда жолын жеңілдету Қазақстанға не береді?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, бүгін Сенат "Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады.

Заңның негізгі мақсаттары қатысушы мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту, – деді Мәкежанов.

Комитет төрағасы келісімнің негізгі міндеттеріне тоқталды.

  • Қатысушы мемлекеттердің кеден органдарында тауарларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар жасауды жеделдету;
  • Кедендік операциялар мен кедендік рәсімдерді жасау үшін қажетті құжаттар санын қысқарту;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, тауарлар туралы ақпаратты талдау негізінде кедендік бақылау нысандары мен әдістерін қолдануды барынша азайту.

Келісімді ратификациялау сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға және Түркі мемлекеттері ұйымының елдері арасындағы өзара экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал етеді, – деді Мәкежанов.

Өзгелердің жаңалығы