Туризм саласындағы бизнестің шығыны қандай?

28 Шілде 2020, 17:39
1976
Бөлісу:
Туризм саласындағы бизнестің шығыны қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты.

Біздің есебіміз бойынша, енгізілген шектеулерге қатысты биыл кіріс туризмі саласындағы бизнестің шығыны 70-80 пайызды құрайды. Мысалы, Ұлттық банктің мәліметінше, туризмнен қызметтерді экспорттау көлемі 2019 жылы 2,5 млрд доллар болса, осы жылы бұл көрсеткіш 650 млн долларды құрайтын болады, - деді ол. 

Рыспеков туристік фирмалар мен орналастыру орындары туралы айтып берді.

Олар көрсеткен қызмет көлемі 2019 жылы 300 млрд теңге болса, осы жылдың соңына қарай 60-80 млрд теңге болады деп болжап отырмыз, - деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы. 

Дастан Рыспеков айтып өткендей, шетелде, яғни Түркияда 622 турист демалып келетін болған. 

Қазір ол жақта 5 адам қалды. Бір отбасы өз еркімен демалыстарын ұзартты. ҚР азаматы шетелде ауырған жағдайда оқшауланады. Емдеу сол мемлекеттегі емдеу стандарттарына сай туристік қызмет көрсету аумағында өтеді. Науқасты шетелде оқшаулау тест нәтижелері мен туристерді диагностикалау кезінде сақтандырылған адамның жағдайы елдің регламентіне сәйкес өтетін болады. Сақтандыру өтемі міндетті сақтандыру пакетіне енгізілген. Сақтандыру жолдаманы сатып алу кезінде турпакетке енгізіледі. Әр елдің шекарасына кіру бойынша талапты олар өздері қояды. Алайда қазақстандықтар шетелге шықса, ПТР анықтамасын алғаны жөн , - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Дастан Рыспеков Алакөл мен Бурабайда демалушыларды қабылдауға рұқсат етілгенін, тамызда екі елге әуе рейсі қайта ашылатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы