Туризм маманы еңбек саласына қалай вице-министр болды?

22 Ақпан 2023, 15:12
1005
Бөлісу:
Туризм маманы еңбек саласына қалай вице-министр болды?
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

«Жоғары біліміңіз халықаралық құқық, туризм және менеджмент саласы бола тұрып, мемлекеттік қызметке кіріп, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі деңгейіне дейін қалай тез өстіңіз?», - деп сұрады БАҚ өкілі ведомство басшысынан. 

Менің еңбек жолыма, жеке өмірбаяныма қатысты қызығушылық білдіргеніңізге рахмет айтамын. Өзім алған мамандығымнан тыс еңбекпен қамту саласына қалай келдіңіз деп сұрап тұрсыз ғой. Қысқаша айтқанда, еңбек жолымды Алматы қаласында бизнес секторында бастадым. Туризммен байланысты мәселелермен  айналысып, Алматы қаласының туризмін дамыту саласында жұмыс істедім. Одан соң туризм саласындағы мамандарды даярлау бойынша жұмысқа шақырылдым. Сол кездегі Білім және ғылым министрлігіне қарасты еншілес мекемеде кадрлар даярладым. Еш жерде ұзақ отырмапсыз дегеніңізге келер болсам, 7 жыл уақытты ұзақ емес кезең деп есептеуге болса, 7 жыл «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында жұмыс істеп, туризмді дамыту департаментінде, халықты еңбекпен қамту департаменді еңбек еттім. Еңбек нарығын мамандармен қамтамасыз ету саласында да жұмыста болдым. Сол себепті еңбек нарығы саласы маған алыс емес, - деп жауап берді вице-министр Олжас Ордабаев. 

Толығырақ ақпарат алғысы келсе, ведомствоның баспасөз қызметіне жүгінуге болатынын айтқан министрдің орынбасары тікелей еңбек саласында қанша уақытта бері жүргенін айтты. 

Соңғы 6 жылдан бері халықты еңбекпен қамту саласында қызмет етіп келемін, - деді ведомство басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін вице-министр 2,5%-бен жастарға берілетін 5 млн теңге көлеміндегі несие туралы айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы