Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Туристік салаға салынған инвестиция көлемі 1,2 трлн теңгеден асты

Кеше, 22:54
122
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Қазақстанның туристік саласында жыл сайын орта есеппен 30%-ға жуық өсім байқалады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы туристік салада елімізде инвестиция салуға қолайлы ахуал қалыптасқан. Инвесторлар белсенді түрде қаржы құюда, нәтижесінде жыл сайын орта есеппен 30%-ға жуық өсім тіркеліп отыр, – деді Нұрбол Байжанов BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, туристік салаға салынған инвестиция көлемі 1 трлн 254 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 32%-ға жоғары. Атап айтқанда, 2024 жылы инвестиция көлемі 948 млрд теңгені құраса, 2025 жылы ол 1 трлн 254 млрд теңгеге дейін өскен.

Спикер инвестициялық динамиканың алдағы уақытта да оң сипатта сақталатынын атап өтті. Оның сөзінше, мемлекеттік орган жыл сайын жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инвестициялық жобалар пулын қалыптастырып, оларды тұрақты түрде мониторингтен өткізеді және сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді. Ал туындаған проблемалық мәселелер жедел түрде шешіледі. Қазіргі таңда инвестициялық пулда жалпы құны 1 трлн теңгеден асатын 328 жоба бар.

Өзгелердің жаңалығы