Туристер ең көп аялдаған өңірлер аталды

27 Сәуір 2023, 20:26
1569
Бөлісу:
Туристер ең көп аялдаған өңірлер аталды
Фото: 24.kz

Алматы, Астана және Шымкент орналастыру орындарында қызмет көрсетілген туристер санымен көш бастап тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылы Қазақстанда орналастыру орындарының қызметтерін пайдаланған туристердің жалпы саны 7,3 млн адамға жетті. Бұл санның 45%-дан астамы үш мегаполиске тиесілі. Сонымен қатар тек ішкі туристердің жалпы саны 8,6 млн адамды құрады.

Мәселен, Алматыда бұл көрсеткіш 1,8 млн адамға (417,4 мың — шетелдік туристер), Астанада — 1,2 млн-ға жуық адамға (238,5 мың шетелдік) жетті, ал Шымкентке 450 мыңға жуық демалушы (36,5 мың шетелдік) келген.

Ішкі және сырттан кірген туристер ең аз аялдаған өңірлердің қатарында Ұлытау облысы бар. Мұнда 25 мыңнан астам адам тоқтаған. Бұдан кейін Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары тұр. Аталған екі өңірдегі орналастыру қызметтерін 100 мың адам пайдаланған, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2029 жылға дейін Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы ішкі туристер санын 11 млн адамға, ал сырттан келетін туристер санын 4 млн адамға дейін жеткізуге ниетті. Ол үшін жақында қабылданған туристік саланы дамыту тұжырымдамасында нақты іс-шаралар көзделген.

Өзгелердің жаңалығы