Түрік жазушысы «Қасірет пен тағдыр» дилогиясын қолдады

17 Тамыз 2022, 16:01
2183
Бөлісу:
Түрік жазушысы «Қасірет пен тағдыр» дилогиясын қолдады

«Абай» Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған танымал жазушы Сәуле Досжанның полигон қасіретіне арналған «Қасірет пен тағдыр» дилогиясына байланысты орын алған әділетсіз шешімге оқырман да, белгілі тұлғалар да өз қарсылығын білдіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солардың бірі – қазақ әдебиеті аудармашысы, Еуразия Жазушылар Одағы атқару кеңесі мүшесі, журналист Уфук Тузман.

Әлеуметтік желіде үш-төрт күннен бері танымал жазушы Сәуле Досжанның "Абай" мемлекеттік сыйлығына ұсынылған «Қасірет пен тағдыр» дилогиясы қызу талқыланып жатыр.Ядролық сынаққа қарсы күллі адамзаттың үні бар бұл дилогия төңірегіндегі дау туралы Түркиядағы қазақ әдебиеті аудармашысы ретінде өз пікірімді айтқым келеді.Қазақ әдебиеті қазынасына үлес қосқан жазушының «Біртуар» атты деректі романын жыл басында түрік тіліне аударған болатынмын. Наурыз айында Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде жазушының қатысуымен салтанатты жиын өтті, сол сияқты, Түркияның Анкара қаласында да «PEHLİVAN» деген атпен түрік тіліне аударылған деректі романның таныстырылымы өтіп, оған түріктің белгілі ғалымдары, жазушылары, әдебиет сыншылары, ақындарына қоса, БАҚ өкілдері де қатысқан болатын. Қазақтың біртуар азаматы Жақсылық Үшкемпірұлының өмірі туралы роман түрік оқырманының көңілінен шықты десек, жаңылыспаймыз, - деді Уфук Тузман.

Түрік жазушысы «Қасірет пен тағдыр» дилогиясын қолдады

Ол туынды сыйлыққа лайық екенін жеткізді.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, белгілі жазушы Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» роман-дилогиясын «Абай» Мемлекеттік сыйлығына лайық деген пікірімді ашық білдіремін. Әлеуметтік желіде резонанс тудырып жатқан мәселені қолдаймын, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы