Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлер тұрғындардың 40 миллионнан астам ақшасын алаяқтық жолмен иеленді деген күдікпен банк қызметкерін ұстады.
Түркістан қалалық полиция басқармасына шұғыл хабарлама түскен. Арыз-шағымда банк қызметкері өзгелердің атынан несие алғаны көрсетілген.Полицейлер фактіні ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алып, оқиғаның толық мән-жайын анықтауға шұғыл кірісті.
Банкте аға менеджер болып жұмыс істейтін жас жігіт мәселемен алдына келген азаматтардың құжаттарын пайдаланып, олардың атынан несие рәсімдеген. Барлығы 11 адамның атынан несие алған. Үш азаматтың депозитіндегі ақшасын жасырын түрде аударып алған.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 40 миллион теңгеден асады. Ол ақшаны құмар ойындарға салып жібергенін мойындады.