Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы «Британский квартал» тұрғын үй кешені өртеніп жатыр, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Елордадағы Сарқырама көшесінің бойында орналасқан «Британский квартал» тұрғын үй кешені өртеніп жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламаға сәйкес, өрт Алматы ауданындағы Сарқырама көшесіндегі 6 қабатты үйден шыққан. Оқиға туралы ақпарат сағат 19.39-да келіп түскен.
«Оқиға орнына Төтенше жағдай өкілдері 19:46-да жеткенде шатырдағы өрт шамамен 100 шаршы метр аумақты қамтып үлгерген. Өртті ауыздықтауға елордалық төтенше жағдай департаментінің 61 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылған», - делінген хабарламада.
Өрт сөндіру қызметкерлері жеткенше тұрғындар эвакуацияланып болған, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.