Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 662 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, нәтижесінде, 34 мыңға жуық жұмыс орны құрылуы тиіс. Үкіметтің онлайн отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев осы жылдың жоспарларымен бөлісті.
Оның айтуынша, ең алдымен, биыл экономиканың өсуін 3%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта әрбір сала мен өңір үшін нысаналы параметрлер айқындалды.
Сондай-ақ, басты міндеттердің бірі - биыл 15,4 трлн теңге сомаға инвестициялар тарту. Бұл инвестицияларды жалпы ішкі өнімнің 20% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы, еліміз бойынша аталған көрсеткіштер егжей-тегжейлі пысықталып, экономика салаларының бөлінісінде және әрбір өңір бойынша бекітілді. Мысалы, Қарағанды облысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нысаналы индикаторларын айқындады, - деді ол.
2021 жылы Қарағанды облысында 17 білім беру нысанының құрылысы жоспарлануда және 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады.
Үкімет отырысанда мәлім болғандай, биыл жалпы өңірлік өнімнің өсуін 3,6% деңгейінде қамтамасыз ету көзделуде. Сонымен қатар, 725 млрд теңге сомаға инвестиция тарту жоспарлануда. Биыл 662 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға жоғары. Нәтижесінде, 34 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады. Сапалы автомобиль жолдарының үлесін 85%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Қала халқының 100%-ы және ауыл халқының 90%-ы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алады.
Одан басқа, елдің әрбір елді мекен бойынша насаналы индикаторлар декомпозицияланған, бұл ауылдарды және қалаларды қамтиды. Мысалы, Ақтөбе облысында 190 ауылда даму әлеуеті бар.Осы жылы әлеуметтік және инжинерлік инфрақұрылымды жақсарту үшін 35 ауылда 75 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Бұл 70 мыңға жуық ауыл тұрғынының өмір сүру сапасын жақсартуға және 1 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, - деді министр.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар 2021 жылы экономиканы дамытудың осындай факторларына назар аудару ұсынылады.