Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында неге әлеуметтік желілерде тіркелмегенін айтты.
Бұл менің қаламағандығым емес. Бізде өте ауқымды бөлімше. Ішкі істер министрлігінің 148 мың жеке құрамы мен 4 ірі бөлімшесі: полиция, ұлттық ұлан, қылмыстық-атқару комитеті мен төтенше жағдайлар комитеті бар. Өте көп оқиға болады. Тәулігіне 400-500, жылына 230-240 мың қылмыстық іс тіркеледі. Сондықтан да күн сайын менің жеке блогыма ғана 500-ге жуық сұрақ келіп түседі. Егер де мен аккаунт ашатын болсам, тәулік бойы сонда отырып, сұрақтарға жауап беруім керек болады, - деді Тұрғымбаев.
Министр сол үшін тұтас бір департамент жұмыс істеп отырғанын айтты.
Оған бақылау тобы кіреді. Сондай-ақ, барлық қызмет түрлерінің өкілдері де бар. Азаматтарға жауап беріп, олармен кері байланыс орнату үшін кәсіби мамандар жұмыс істейді. Маған тікелей келетін мәселелердің барлығын жеке өзім қараймын, - деді ол.
Оқи отырыңыз: