Тұрғымбаев Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлердің отбасыларына наградаларын табыстады

4 Қазан 2021, 11:14
4551
Бөлісу:
Тұрғымбаев Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлердің отбасыларына наградаларын табыстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз ІІМ-нің брифингінде айтты.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Президент атынан осы жылдың 20 қыркүйегінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Алматы қаласы полиция департаментінің екі қызметкерінің отбасыларына мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Біздің әріптестеріміз, полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев қызметтік міндеттерін адал атқарып, әріптестеріне үлгі болып, болашаққа жоспар құрды. Олардың өмірін қиған қайғылы оқиға барлық қазақстандықты дүр сілкіндірді, - деп атап өтті ІІМ басшысы.

Учаскелік полиция инспекторлары Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиев қаза тапқан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Бүгін мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларды тапсыру үшін келдім, - деп атап өтті Министр.

Ол ішкі істер органдарының қызметкерлері қызмет борышы бойынша әрдайым қылмысқа қарсы күрестің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алдыңғы қатарында екенін атап өтті.

Полицейлердің күнделікті жұмысы өмір мен денсаулыққа қауіп төндіреді. Төтенше жағдайда бірнеше секунд ішінде олар жауапты шешімдер қабылдауға мәжбүр, кейде адамның өміріне байланысты болады, - деді Ораз.

Өзгелердің жаңалығы