Тұрақты атом болашағы қандай

4 Қазан 2024, 11:06
346
Бөлісу:
Тұрақты атом болашағы қандай
VIDEO
Фото: BAQ.KZ - архив

Атом энергетикасының жыл сайын болжамды 4% өсуін және жаңа жобаларды іске асыруды ескере отырып, бұл энергия көзі жаһандық энергетикалық стратегияның маңызды құрамдас бөлігі болып қала береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экологиялық артықшылықтарының арқасында — CO2 шығарындыларының айтарлықтай төмендеуі-атом энергетикасы климаттың өзгеруіне қарсы күресте шешуші рөл атқарады. 

Технологияларды үнемі жетілдіру, III/III + буынының қауіпсіз реакторларына көшу, сондай-ақ МАГАТЭ-нің қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қолдауы біздің болашағымыз үшін таза энергия көзі ретінде атом энергетикасының тұрақтылығы мен ұзақ мерзімді өміршеңдігін көрсетеді.

Атом энергетикасындағы халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен инновациялар:

Атом энергиясы ең тиімді және тұрақты энергия көздерінің бірі ретінде халықаралық қауіпсіздік стандарттарын қатаң сақтауды талап етеді. МАГАТЭ сияқты ұйымдар осы стандарттарды белгілеу мен қолдауда шешуші рөл атқарып, көптеген елдерге Атом электр стансаларының (АЭС) сенімді жұмысын қамтамасыз етуде және апаттар қаупін азайтуда көмектеседі. 

Қазақстан өзінің атом энергетикасын дамытуды жоспарлау барысында жаңа АЭС-тің ең жоғарғы қауіпсіздік талаптарына сай болуын қамтамасыз ету үшін халықаралық тәжірибе мен стандарттарға белсенді түрде жүгінуде.

МАГАТЭ мен халықаралық стандарттардың рөлі:

МАГАТЭ атом энергиясын қауіпсіз пайдаланудың стандарттарын белгілейді.

МАГАТЭ Қазақстанның осы стандарттар негізінде атом электр стансасын салуға дайын екендігін растады.

Жаңа буын технологиялары:

Жобаланып отырған III және III+ буынды атом электр стансалары ішкі және сыртқы әсерлерге төзімді озық қауіпсіздік жүйелерін қамтиды.

Қауіпсіздік:

Заманауи атом электр стансалары тіпті төтенше жағдайларда да радиоактивті заттардың ағып кетуіне жол бермейтін қорғаныс жүйесімен жабдықталған.
Күмбездерді пайдалану отын ерігенде немесе реактор зақымданғанда ішіндегі заттардың ағып кетуіне жол бермейді. Осы мақсатта балқыған заттарды ұстап қалатын тұзақ қарастырылған.

OSART миссиялары мен қауіпсіздікті бағалау:

МАГАТЭ, сондай-ақ, сәйкессіздіктерді анықтау және жою үшін атом электр стансасының қауіпсіздігіне тәуелсіз халықаралық талдау жасап, баға беретін OSART миссияларын да жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы