Тұрақтылық бағытына таңдау жасалды – саясаттанушы

12 Қаңтар 2021, 15:04
1414
Бөлісу:
Тұрақтылық бағытына таңдау жасалды – саясаттанушы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, жеті ұйым сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу үшін заңнама талаптарына сәйкес келеді. Бұл туралы саясаттанушы Қазбек Майгелдинов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Жалпы экзит-пол ақпараттық және бақылау функцияларын орындайды, өйткені ол көпшілікті сайлау нәтижелерімен алдын-ала таныстыруға және сайлау нәтижелерін қасақана бұрмалау мүмкіндігін азайтуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда Zakon.kz порталының тапсырысы бойынша "Қоғамдық пікір" зерттеу институты өзінің зерттеуін өткізіп, сайлау учаскелерінен шыққан сайлаушыларға сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Қазақстанның барлық облыс орталықтары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының сайлаушылары қатысты, - деп жазды ол.

Өткізілген экзит-пол нәтижелері ел тұрғындарының электоралдық қалауларының қалыптасқан үйлесімін көрсетті.
Сауалнама нәтижелері қазақстандықтардың тұрақтылық пен эволюциялық даму бағытына өз таңдауларын жасағандығын көрсетеді. Бұл сайлаудың басты артықшылығы, тіпті Парламентке 7% межеден өтпеген партиялар үшін өңірлерде өз үлесін нығайтып, осылайша өңірлік саяси процестерді жандандыруға мүмкіндік беруінде. Осылайша бұл партияларда жергілікті деңгейдегі мәслихаттарда еселерін қайтаруға мүмкіндік бар. Президент жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға баса назар аударуда. Сондықтан биылғы сайлау барлық дерлік саяси күштердің өз белсенділігін арттыруға алғышарттар қалыптастырды, - деді саясаттанушы.

Өзгелердің жаңалығы