Тура кинодағыдай: Күйеуі әйелін тапсырыспен өлтірмек болған – Павлодар

Бүгiн, 07:00
399
Бөлісу:
Тура кинодағыдай: Күйеуі әйелін тапсырыспен өлтірмек болған – Павлодар
Фото: архив

Павлодарда күйеуі әйелін тапсырыспен өлтірмек болған. Бұған ерлі-зайыптының бір-бірімен тіл табыспай, ажырасуы себеп болыпты. Ажырасқан соң сот олардың үш бөлмелі пәтерін әйелі мен балаларына қалдырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Астана" арнасының мәліметінше, күйеуіне пәтердің бір бөлігінің құнын төлеуді міндеттепті. Алайда, бұған көнбеген күйеуі әйелін өлтіртуге оқталған.

Тіпті, әйеліне қастандық жасайтын адамды да тауып, оған 3 млн. теңге төлеуге уағдаласыпты. Ақшасына келіскен қылмыскер әйелдің ізіне түсіп, оған 15 рет пышақ жарақатын салған. Абырой болғанда, әйел аман қалды.

Егер күдіктілердің кінәсі расталса, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Соңғы сот наурыз айында өтетін болады. Шешім сол кезде шығарылмақ.

Өзгелердің жаңалығы