Талдықорғанда тұңғыш «Қазақстан Барысы» атанған жетісулық Ұлан Рысқұл №349 референдум учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлан Рысқұл дзюдодан Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогінің күміс жүлдегері. «Қазақстан Барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы дауыс беріп, өз пікірін білдірді.
Еліміздің өсіп-өркендеп дамығанын қалаймын. Сондықтан ел ертеңіне бей-жай қарамай, даму жолындағы тың бастамаларды қолдау үшін келдім. Таңдау жасадым, - деді чемпион.