«Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шарасы өтті

«Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шарасы өтті
594

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында 2022 жылғы 27-29 маусым аралығында елорда аумағында «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Қойылған міндеттерді орындау үшін іс-шараны өткізу кезеңінде түрлі ведомстволардың 142 өкілі, оның ішінде 117 полиция қызметкері, Балалардың құқықтарын қорғау органдарының 4 өкілі, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ 13 төкілі, жастар және балалар ұйымдарының 6 өкілі, ата-аналар қоғамдастығының 2 өкілі тартылды.

Іс-шараны өткізу кезінде аталған мамандар ІІО есебінде тұрған тұрмысы нашар отбасыларды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайлардағы отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеруді жүзеге асырып, құқықтық көмек пен кеңестер берілді. Балалар еңбегін пайдалану фактілерін анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден тыс жерде, ойын-сауық орындарында түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуына жол беру мақсатында ювеналды полиция қызметкерлері қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және еріктілермен өзара іс-қимыл жасай отырып, қала аумағында жергілікті-рейдтік жұмыстар жүргізді, - деп хабарлады ПД Баспасөз қызметі.

Мысалы, ағымдағы жылдың 27 маусымында «Алматы» ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ қызметкерлері Қордай көшесіндегі рейдтік іс-шаралар барысында автокөлік жуу орнында кәмелетке толмаған баланы анықтады. Ол еңбек шартын жасамай аталған көлік жуу орнында тағылымдамадан өтіп жүргені белгілі болды. Аталған факті бойынша көлік жуу орнының әкімшілігімен және кәмелетке толмаған баланың заңды өкілімен балалар еңбегін пайдалануға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталған кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдаланудың әрбір фактісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жіберу үшін материал дайындалды.


Фото: дереккөз