Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түменде су деңгейі 11 метрге жетіп қалды

23 Сәуір 2024, 08:40
1010
Бөлісу:
 архив
Фото: архив

Ресейдің Түмен облысында Есіл өзенінің деңгейі бұрын-соңды болмаған межеден асты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Көрсеткіш 10 метр 64 сантимерге дейін көтерілген. Дегенмен құзырлы орындар қазір су деңгейі сәл төмендеді деп жатыр. Бірақ қауіп сейілмеген. Өңірдегі бірнеше елді мекенді су басуы мүмкін. Мамандар тасқын алдағы 2-3 күнде шарықтау шегіне жететінін ескертеді.

8-ші сәуірде осы Түмен облысында төтенше жағдай жарияланған. Билік бұл кейінгі 77 жылдағы ең алапат тасқын деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы