"Тұмар-2020". Телевизиялық бәйгеге өтінім қабылдау басталды

12 Ақпан 2020, 15:02
1926
Бөлісу:
"Тұмар-2020". Телевизиялық бәйгеге өтінім қабылдау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.12 ақпанда Ұлттық телевизиялық "Тұмар" бәйгесіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды. 

Бұл туралы Ұлттық бәйге ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді tv-tumar.kz сайтында 2 наурызға дейін толтыруға болады.

Бәйгеге қатысуға 2019 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан тележобалар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, кәсіби телевизиялық контент шығаратын студиялар мен компаниялар ұсына алады, - делінген комитет хабарламасында.

"Тұмар" Ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинациялары:

1.      Үздік телевизиялық сериал;

2.      Үздік әлеуметтік жоба;

3.      Үздік декерті фильм;

4.      Үздік ток-шоу;

5.      Үздік ойын-сауық бағдарламасы;

6.      Үздік ақпараттық бағдарлама;

7.      Үздік тележүргізуші;

8.      Үздік тележурналист;

9.      Үздік режиссерлік жұмыс;

10. Үздік аймақтық телеарна.

"Тұмар" Ұлтық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Аталмыш уақыт аралығында отандық тележурналистикасының 36 маманы эксклюзивті мүсіншенің иесі атанды.

Жеңімпаздардың қатарында журналистиканың "жілігін шаққан" майталмандармен қатар, жас та болса осы саланың үлкен үмітіне айналған және өзінің кәсіби біліктілігін көрсете білген жастар да бар.

Жоба құрылған жылдардан бастап бәйгеге қатысуға барлығы 898 өтінім қабылданды, олардың ішінен 138 өтінім бас жүлде - бәйгенің басты сыйлығы жезден және әйнектен жасалған "Тұмар" мүсіншесі үшін таласқа түскен болатын.

Төртінші "Тұмар" сыйлығы ерекше болады - өткен жылдардағы қазылар алқасы мен кәсіби қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, Ұйымдастырушы комитеті, биыл әр жеңімпазға "Тұмар" мүсіншесіне қоса бір миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдады.

 Сонымен қатар, байқау тарихында алғаш рет қазылар алқасының құрамында қазақстандық телевизиясының кәсіби мамандарымен қатар, халықаралық деңгейдегі сарапшылар да бой түзейді.

Өзгелердің жаңалығы