22 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен ел аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай елдің көп бөлігінде күн құбылып, жаңбыр қар жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің солтүстік жартысында көктайғақ болады, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланған болатын.