6 наурызда еліміздің төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында кей жерлерде секундына 15-20, кейде 25 метр/секундқа дейін күшті жел соғуы ықтимал.
Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі деп болжануда.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды деп болжаған еді.