Нұр-Сұлтанмен қоса үш облысты тұман басады

2 Наурыз 2020, 12:45
1922
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанмен қоса үш облысты тұман басады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 3 облыс пен 2 қалада дабылды ескерту жасады.

3 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с. Петропавл қаласында түнде және таңертең 3 наурызда тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%, - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз 02 наурызда тұман сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

2 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

2 наурызда Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерінде 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы