Синоптиктердің болжамынша, ертең, 27 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, сонымен қатар кей өңірде бұрқасын мен екпіні күшті жел соғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, тұман.
Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге, Жарма ауданында 23-28 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының қар жауады, күндіз бұрқасын, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.