Тұман, көктайғақ: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжамыша, елдің көп бөлігінде тұман, көктайғақ және кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 05:18
Бүгiн 2026, 05:18
168
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

«Қазгидромет» РМК бүгін, 20 наурызда Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамыша, елдің көп бөлігінде тұман, көктайғақ және кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Атырау облысы: түнде және таңертең солтүстікте тұман, күндіз батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл.

Астана: тұман және көктайғақ.

Ақтөбе облысы: түнде және таңертең барлық бағыттарда тұман.

Ақмола облысы: тұман мен көктайғақ; Көкшетауда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ.

Жамбыл облысы: таулы аудандарда күндіз жаңбыр мен найзағай, оңтүстікте тұман; Солтүстік-шығыс жел екпіні 15–20 м/с. Таразда тұман күтіледі.

Павлодар облысы: оңтүстігі мен шығысында тұман, жолдарда көктайғақ; Павлодарда түнде және таңертең көктайғақ болады.

Қарағанды облысы: батысы, солтүстігі және шығысында тұман, көктайғақ; Қарағандыда кейде тұман болады.

Ұлытау облысы: солтүстік пен шығысында тұман.

Түркістан облысы: оңтүстігі мен таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай; солтүстігінде тұман; Шымкентте жаңбыр мен найзағай, жел екпіні 15–20 м/с.

Абай облысы: солтүстік, оңтүстік және орталығында тұман; Семейде түнде және таңертең тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысы: солтүстігінде көктайғақ, шығысы мен оңтүстігінде тұман; Өскеменде тұман болады.

Маңғыстау облысы: түнде және таңертең оңтүстік пен орталығында тұман; оңтүстік-шығыс жел екпіні 15–18 м/с.

Батыс Қазақстан облысы: батысы, солтүстігі және шығысында тұман, көктайғақ; Оралда түнде және таңертең тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысы: батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман, көктайғақ; Петропавлда түнде және таңертең тұман, көктайғақ, күндіз жел екпіні 15–20 м/с.

Қостанай облысы: батысы, оңтүстігі және шығысында тұман.

Ауа райының қолайсыздығы жол қозғалысына әсер етуі мүмкін, сондықтан жүргізушілерге сақ болу, қар мен көктайғаққа дайын болу ұсынылады.

Наверх