Тұман, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

11 Наурыз 2024, 23:17
374
Бөлісу:
Тұман, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: Арман Мухатов -архив

12 наурызда Астана мен еліміздің 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, Астана және Алматы облысында тұман түсіп, Жетісу облысында кей кезде тұман болады.

Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында көктайғақ болып, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарында жаяу бұрқасын болжанып отыр, Павлодар облысында жауын-шашын (көбіне қар) жауып, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында – жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

12 наурыз күні таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Өзгелердің жаңалығы