Ауа райының бұзылуына байланысты 3 қаңтарда 11 өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
3 қаңтарда түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының оңтүстігінде және батысында түнде аздаған жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Түнде облыстың оңтүстігі мен батысында, күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде кей жерлерде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде кей жерлерде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Абай облысында 3 қаңтарда күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең қарлы боран соғады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстікте оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
Қостанай облысында түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында тұман түседі.
Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20, екпіні 23 м/с.