Тұман, көктайғақ: 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

13 Қаңтар 2025, 08:00
228
Бөлісу:
Тұман, көктайғақ: 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ - архив

Cиноптиктер 13 қаңтарда ел өңірлеріндегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазгидромет РМК таратқан мәліметке сүйенсек, кең антициклонның әсерінен елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Күндіз атмосфералық фронтальды бөлімдер өткеннен кейін ғана Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Республика бойынша тұман күтіледі. Солтүстік-шығыста, Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін еліміздің бірнеше қаласында ауа ластанатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы