Тұман, көктайғақ. Ертеңге ескерту жарияланды

15 Ақпан 2021, 23:23
1219
Бөлісу:
Тұман, көктайғақ. Ертеңге ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 16 ақпан күнгі ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Қызылорда және Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі. 

Ақмола облысының жекелеген жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта 15-20 м/с артады. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. 

Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады және көктайғақ болады. Күндіз жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы