«Тұлпар-Тальго» пойыздарының бастықтарынан қамқорлық үшін ақша талап етіп отырған - ҚМА

12 Тамыз 2022, 16:30
2842
Бөлісу:
«Тұлпар-Тальго» пойыздарының бастықтарынан қамқорлық үшін ақша талап етіп отырған - ҚМА

«Жолаушылар тасымалы»  АҚ елорда учаскесінің бастығы мен орынбасары «Тұлпар-Тальго» пойыздары басшыларынан пара алып отырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА елордалық департаменті «Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаскесінің бастығы мен оның орынбасарын «Тұлпар-Тальго» пойыздарының басшыларынан жүйелі түрде ақшалай сыйақы алу фактілерін  анықтады. 

«Экспресс» филиалының «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының елордалық учаскесінің басшысы мен оның орынбасары тексеріс жүргізбегені үшін әр рейстен заңсыз ақша талап етіп, алып отырған. Барлығы 27 эпизод анықталды.

Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі тиіс.

Қазіргі уақытта аталған ұйымға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы