Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түлкібаста құрылысшы 4 метрлік шұңқырға құлап кетті

18 Мамыр 2025, 03:43
273
Бөлісу:
 скрин
Фото: скрин

Түркістан облысының Түлкібас ауданында құрылысшы 4 метрлік шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Т.Рысқұлов ауылындағы базар аумағында болған. 1969 жылы туған ер адам құрылыс алаңындағы тереңдігі 4 метр болатын шұңқырға абайсызда құлап кеткен. Ол өздігінен шыға алмай қалған. Содан төтенше жағдай мамандары шақыртылды.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар зардап шеккен адамды шығарып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды.

56 жастағы азаматтың құлауына құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы