Түлкібас-Арыс учаскесінде жүк пойызы рельстен шығып кетті

Түркістан облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Артём Чурсинов  -архив 25 Маусым 2024 2024, 21:17
25 Маусым 2024 2024, 21:17
945
Фото: -архив

Түркістан облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сағат 19:20-да Меңлібай-Көктерек өткелігінің күрделі қисық учаскесінде жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Апатты жою үшін Шымкент станциясынан қалпына келтіру және өрт сөндіру пойызы жіберілді, - делінген "Қазақстан темір жолы" ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Наверх