«Түбі қақтығысқа әкелді». Иран өкілі Құранды өртегендер жайында

11 Қазан 2023, 12:02
1835
Бөлісу:
«Түбі қақтығысқа әкелді». Иран өкілі Құранды өртегендер жайында
Фото: Арман Мухатов

Бұл жайында Әлемдік және дәстүрлі көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысында Дінаралық және мәдениетаралық диалог орталығының басшысы Әли Әкбар Зиәи мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздің орталық 30 жылда жүздеген дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бәрі дінаралық диалог тақырбында өтті. Жалпы, діни лидерлер заманауи қоғамның сұраныстары мен қажеттіліктерін өткір түсінеді және оның шешу жолдарын ұсынуға дайын, - деді Әли Әкбар Зиәи.

Оның сөзінше, әлемдік қауымдастық бүгінгі таңда көптеген қиындық пен мәселені көріп отыр.

Мәселен, қасиетті Құран кітабының қорлануы. Біз мұндай іс-әрекеттерді қандай да бір сөз бостандығының көрінісі ретінде қабылдамаумыз керек. Құран кітабын өртегендерде әртүрлі саяси мотив бар. Бұл біздің құндылықтарымызға қарама-қайшы келеді, сол себепті бірлесіп осындай іс-әрекеттерді бірауыздан айыптауымыз қажет. Біз мұндай жағдайдың қайталанбауын алдын алуға тиіспіз. Мұның салдары әртүрлі қоғамда қақтығыстардың өршуіне, сонымен бірге түсінбестікке әкеледі. Бақылаудың тысқары кетіп түрлі жағдайға әкелгеніне бәріміз куәміз, - деді Иран делегациясының өкілі.

Өзгелердің жаңалығы