Цой: Алдағы бес жылға арналған басым міндеттер айқындалады

18 Қыркүйек 2020, 23:40
1337
Бөлісу:
Цой: Алдағы бес жылға арналған басым міндеттер айқындалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы қаласына ресми сапары аясында ДДСҰ-ның медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі географиялық қашықта орналасқан офисінің басшысы Мелитта Якабпен кездесті.

Өзіңізді көргеніме өте қуаныштымын және осы кездесу үшін алғыс білдіремін. Лауазымды қызметке тағайындалуыңызбен құттықтаймын. Біз тығыз ынтымақтастық аясында МСАК-ты ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросы деңгейінде дамытуға аса назар аудара отырып, Еуропа өңірінде МСАК-ты дамытуға тұрақты мониторинг жасап және бастапқы буын деңгейінде одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар әзірлеу арқылыКеңсе қызметін күшейте аламыз деп сенемін, - деді А.Цой.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Қазақстанның әлеуетін белсенді пайдалана отырып, медициналық ұйымдардың бірінің базасында Географиялық қашықта орналасқан кеңсенің МСАК жөніндегі ұсынымдарын сынақтан өткізуді ұсынды.

Кездесу барысында А.Цой мен М. Якаб Қазақстан Республикасы мен Еуропалық өңірдің медицина қызметкерлері үшін МСАК бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу арқылы Денсаулық сақтау министрлігі мен кеңсе арасындағы әріптестік ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, тараптар ДДСҰ талаптарына сәйкес келетін МСАК жөніндегі Географиялық қашықта орналасқан кеңседе жұмыс істеу үшін тартылған ұлттық кадрдың санын арттыру тақырыбын қозғады. Және ГҚО-ны МСАК бойынша үздік практикалардың жаһандық орталығына айналдыру мәселесі талқыланды. Оның ішінде, Қазақстанның МСАК бойынша әлемдік деңгейдегі Астана декларациясын ілгерілету жөніндегі жұмысына сәйкес ДДСҰ-ның 6 өңірімен жұмыс істеу үшін оған белгілі бір жаһандық функция беру мәселесі сөз болды.

Сонымен қатар, А.Цой Қазақстан Еуропалық өңірлік Комитеттің 70-сессиясында айтылған «Еуропа тұрғындарының денсаулығын жақсартуға арналған бірлескен іс-қимыл» атты 2020-2025 жылдарға арналған еуропалық жұмыс бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды толық қолдайтынын айтты.

ЕЖБ-да өңір тұрғындары өз еліндегі денсаулық сақтау саласын басқаратын органдардан қандай әділ іс-әрекет күтеді деген мәселеден бастап, алдағы бес жылға арналған басым міндеттер айқындалады. Бұл бағдарлама ДДСҰ Еуропаның «ешкімді назардан тыс қалдырмау» және өңірдегі денсаулық сақтауды басқару органдарының көшбасшылық әлеуетін нығайту қағидатын берік ұстанатынын көрсетеді», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Өз кезегінде Якаб ханым А.Цойға кездесу мен сындарлы диалог үшін алғысын білдірді. Нәтижесінде тараптар айына кемінде 1-2 рет онлайн-режимде кездесулер өткізуге келісті.

Өзгелердің жаңалығы