Цифролог 2024 жылы адамдарда қандай өзгеріс болатынын айтты

14 Желтоқсан 2023, 13:28
1009
Бөлісу:
Цифролог 2024 жылы адамдарда қандай өзгеріс болатынын айтты
Фото: pixabay.com

Биыл дағдарыс пен хаос жылы болды. Цифролог Айсұлу Құралбаева келер 2024 жылға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Цифролог келесі жылы еңбек жылы келе жатқанын айтты. Сондықтан тыңғылықты жұмыс істеген адам жетістікке жете алады.

Биыл көп адамдар депрессия мен стреске шалдықты. Енді Сюцай ғылымы бойынша сегізінші жыл басталады. Онда еңбек еткен адам жетістікке жетеді. Адамдар ақшаның соңынан қуып қоймай, санасын жетілдіруге тиіс. Тек ақшаның соңынан қуалауды қоюы керек. Одан бұрын өзін-өзі қабылдап, танып алғаны жөн. 2024 жылы бүкіл жерде тәртіп орнайды, мұны сақтамаған адамға қиын болады. Бұл жыл адамдардан соны талап етеді, – дейді Құралбаева. 

Сондай-ақ нумеролог Құралай Бақытқызы ұлу жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты.

Бұрын жаңа жылды туыстарымызбен қарсы алсақ, биыл достарға көңіл бөлсек деймін. Көбірек достар болған дұрыс. Ұлу жылы дүниеге келгендерге жыл сәтті болады. Өздері баяу әрі тәуекелшіл келеді. Екіншіден, сиыр жылы туған адамдарға сабырлық таныту керек, - дейді нумеролог bilgen dyrys бағдарламасының сұхбатында.

Өзгелердің жаңалығы