Цифрлық технологиялар - көлеңкелі экономикамен күресудің тиімді жолы

3 Қазан 2023, 14:11
985
Бөлісу:
Цифрлық технологиялар - көлеңкелі экономикамен күресудің тиімді жолы
Фото: gov.kz

Мемлекеттің кірістер комитеті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шеңберінде «жалған» шот-фактураларды жазып беру тәуекелінің ең жоғары ықтималдығы бар компанияларға қатысты биометриялық сәйкестендіруді пайдалануды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің  мәлімдеуінше, тауарларды нақты сатпай немесе жұмыстарды орындамай құжаттарды рәсімдеу түрінде теріс пайдалану адал бизнес үшін қаржылық операциялардың қауіпсіздігі мен сенімділігіне қауіп төндіру жалғасып отыр.

Салық органдары тек 2021 жылдан бастап тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде компанияларды тіркеуге және шот-фактураларды жазып беруге қатысы жоқ 2,6 мыңнан астам құрылтайшылар мен басшыларды анықтады. Осы және басқа да негіздер бойынша сот органдары тіркеуді және қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы 
3,9 мыңға жуық шешім шығарды. Шот-фактуралар бойынша жалған айналым сомасы 1 трлн теңгеден асты.

Тауарларды нақты сатпай немесе жұмыстарды орындамай қаржылық құжаттарды ресімдеу фактілері анықталуда. Бұл ретте, әкімшілендіру барысында мұндай «формальді» басшылар оларға компаниялардың тіркелгені және олардың атынан шот-фактуралар жазып берілгені туралы алғаш рет естіп отырғаны белгілі болды.

Цифрлық жоба биометриялық сәйкестендіруді тек ерекше жағдайларда және жоғары тәуекел дәрежесінде қолдануды көздейді, электрондық шот-фактураларды жазып беретін компаниялардың шамамен 1% қамтиды. Digital-ID процедурасы бизнесті шектемейді: оны күніне бір рет кез келген ыңғайлы уақытта өту керек.

Салық органдары биометриялық деректерді жинауды жүзеге асырмайды, тексеру электрондық үкімет порталында пайдаланылатын сервистерде жүзеге асырылатын болады. Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алу кезінде осыған ұқсас технологияны қолданғанына екі жылдан астам уақыт болғанын атап өту қажет.

Өзгелердің жаңалығы