Карантин енгізілуіне байланысты цифрлық қызметтерге сұраныс артқан

14 Сәуір 2020, 15:22
1720
Бөлісу:
Карантин енгізілуіне байланысты цифрлық қызметтерге сұраныс артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Мемлекеттерімізде карантин режимінің енгізілуіне байланысты цифрлық тауарлар мен қызметтерге сұраныс артқанын көріп отырмыз. Сонымен қатар, цифрлық инфрақұрылымның сапасы мен сенімділігінің аса маңызды екеніне көз жеткіздік. Комиссияға мүше-мемлекеттер үкіметтерімен бірлесіп аталған бағытта ынтымақтаса жұмыс жүргізу үшін нақты ұсыныстар жобасын дайындауды ұсынамын, - делінген мемлекет басшысының хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жетілдірілген, жоғары сапалы цифрландыру жүйесін енгізу - барлық интеграциялық жұмыстың тиімділігін анықтайды. Оның ішінде кеден қызметтерін цифрландырудан бастап Fintech-пен бірлескен жұмыстарға дейінгі әзірлемелерді цифрландыру кіреді.
Біздің елдеріміз бен біздің Одақ бұрын-соңды болмаған мұндай дағдарысқа қарсы тұрып, еңсеретініне күмән жоқ. Бірақ, біз пандемия жағдайында бастан өткеріп жатқан қиындықтарды ескере отырып, осы кезеңде қалыптасқан тәжірибені талдап, жаңа сынақтарға дайын болуымыз керек, - деді президент.
Өзгелердің жаңалығы