Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Ахметтаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, өкілі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары іске асырылып жатыр.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында 1 мамырдан бастап 6 ай мерзімге автокөлікпен жұмыртқа әкелуге шектеу енгізілді. Сондай-ақ, жұмыртқа бойынша салалық қауымдастықтармен өндірушінің сату бағасының жоғарғы шегін 51,5 теңге деңгейінде бекіту жөніндегі меморандумға қол қойылды. 14 маусымнан 31 тамызға дейін қант экспортына тыйым салынды,- деді ол.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін көрсететін «Цифрлық айна» пилоттық жобасы іске асырылып жатқанын да тілге тиек етті.
Қазіргі уақытта «Цифрлық айнада» 83,3 млрд теңге сомасына 395 шарт цифрландырылды, - деді Гүлмира Ахметтаева.
Сонымен қатар, соңғы 5 айда тауар айналымының көлемі ұлғайғанын, сауда базарларын жаңғыртуда Жол картасы бекітілгенін жазған болатынбыз.