ТШО: Теңіздегі мұнай өндірісі толық қалпына келтірілді

Компания 2025 жылғы өндірістік, экологиялық және қаржылық нәтижелерін таныстырып, Теңіз кен орнындағы мұнай өндірісі қайта қалпына келтірілгенін мәлімдеді.

 Теңізшевройл Бүгiн 2026, 15:58
Бүгiн 2026, 15:58
128
Фото: Теңізшевройл

«Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Билли Лакоби Мәжілісте өткен тақырыптық отырыста компанияның өндірістік, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады. Оның айтуынша, Теңіз кен орнындағы шикі мұнай өндірісі толық қалпына келтірілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, соңғы уақытта TCO-ның өндірістік алаңдағы тарату жүйесіне қатысты қиындықтар туындағанымен, қазіргі таңда кәсіпорын қауіпсіз әрі сенімді өндірістік жұмысты қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр.

Билли Лакобидің айтуынша, 1993 жылы Теңізде 1 млн тонна шикі мұнай өндірілсе, 2025 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш шамамен 39 млн тоннаға жеткен. Оның пікірінше, бұл өсім Қазақстанның жаһандық энергетика нарығындағы позициясын күшейтіп, ел экономикасына елеулі қаржылық үлес қосуға мүмкіндік берген.

ТШО басшысы 2025 жылы компанияның экологиялық көрсеткіштері де жоғары деңгейде

2000 жылдан бері өндірілген әр тонна мұнайға шаққандағы шығарындылар 78%-ға, ал ілеспе газды алауда жағу көлемі 94%-ға қысқарған, - деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Билли Лакоби.

Сондай-ақ өндірістік процесте қолданылатын судың шамамен 50%-ы қайта пайдаланылады, қалдықтардың 78%-ы қайта өңделеді және автоматты шығарындыларды мониторингтеу жүйесі (AEMS) енгізіліп, мемлекеттік органдарға нақты уақыт режимінде деректер жіберу басталған.

Билли Лакобидің айтуынша, 1993 жылдан 2025 жылдың соңына дейін ТШО Қазақстанға 212 млрд АҚШ долларынан астам тікелей қаржылық үлес қосқан.

Ал 2025 жылдың өзінде бұл көрсеткіш 10,6 млрд долларды құраған.

Ол ТШО-ның Қазақстан бюджеті мен ұлттық қорына тұрақты түсім беріп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар Қаржы министрлігі компанияны қатарынан үш жыл бойы Қазақстандағы үздік салық төлеуші ретінде таныған.

Компания басшысы ТШО-ның Қазақстанның ішкі газ нарығын қолдау жұмысын да атап өтті.

Оның сөзінше, компания қолда бар барлық құрғақ газ көлемін ұлттық оператор QazaqGaz-ға жеткізеді.

Ал сұйытылған мұнай газы (LPG) бойынша 2023 жылы Энергетика министрлігімен ішкі нарыққа жеткізілетін көлемді жылына 120 мың тоннадан 240 мың тоннаға дейін ұлғайту туралы меморандум жасалған.

2025 жылдың соңында бұл келісім тағы екі жылға ұзартылған.

Наверх