Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ленинград облысы Волхов қаласында «Апатит» зауытының өндірістік алаңында ғимаратты демонтаждау кезінде қабырға опырылып түсіп, 2 адам үйіндінің астында қалды, деп хабарлады Интерфакс.
Қайғылы оқиға туралы видео Hue Telegram-каналында жарияланды.
«Демонтаждау жұмыстары кезінде ғимарат қабырғасы опырылып түсті. Үйіндінің астында 2 адам қалып қойды. Барлық құтқару қызметі оқиға орнына келіп жетті», - деді қалалық әкімшіліктің басшысы Алексей Брицун.Алдын ала мәлімет бойынша «Главцем» компаниясының демонтаждау жұмыстарымен айналысқан қызметкерлері үйіндінің астында қалып қойған.
Кейіннен ТЖМ облыстық басқармасы үйіндінің астынан 2 қызметкердің денесін алып шыққаны туралы хабарлады.