Триатлоннан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өткізілмейтін болды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Триатлоннан Павлодарда өтуі тиіс Қазақстан біріншілігі кейінге қалды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлайды.</h4>

 17 Шілде 2021 2021, 00:20
17 Шілде 2021 2021, 00:20
2688

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Триатлоннан Павлодарда өтуі тиіс Қазақстан біріншілігі кейінге қалды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Ел чемпионатының өткізілмеуіне басты себеп – Павлодар облысындағы карантиндік шектеулердің күшейтілуі. Шектеулерге байланысты аймақта спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. 

Осылайша, 2021 жылғы жарыс кестесіне бірқатар өзгерістер енді. 24 шілдеде Павлодарда өтеді деп жоспарланған ересектер арасындағы Қазақстан біріншілігі ұйымдастырылмайды. 

Сондай-ақ 7 тамыздағы жастар ойыны Қарағанды облысындағы Сарань қаласына ауыстырылды. 


Наверх