Трендтен қалмайтын мектеп директоры дауыс берді

Ақмоншақ Нұртаза әлеуметтік желілерде белсенділігімен танымал директор.

 ©BAQ.KZ/Аида Батухан Кеше 2026, 12:54
Кеше 2026, 12:54
141
Фото: ©BAQ.KZ/Аида Батухан

Астанада өтіп жатқан республикалық референдум аясында трендтен қалмайтын мектеп директоры өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мектеп басшысы Ақмоншақ Нұртаза бүгін 282-ші дауыс беру учаскесіне келіп, бюллетенін арнайы жәшікке салды.

Ақмоншақ Нұртаза азаматтық борышты орындау – әрбір қазақстандық үшін маңызды екенін атап өтті.

Бүгінгі референдум тек саяси науқан емес жалпы еліміздегі ең барлық халықтың адами капиталдың негізгі көзі деп айтуға болады. Білім саласында да үлкен өзгеріс бар: мұғалім мәртебесін көздейтін, оқушы қауіпсіздігін, жалпы ғылым мен білімді, инновацияны қолдайтын ата заңымыз деп білуге болады, бүгін өз таңдауымды жасадым, - дейді ол.

Айта кетейік, Ақмоншақ Нұртаза әлеуметтік желілерде белсенділігімен танымал. Бұған дейін ол 11-сынып түлектерімен бірге әнші Димаш Құдайберген орындаған Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне челлендж түсіріп, басты жүлдені жеңіп алған болатын.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх