Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Трансұлттық есірткі тобы құрықталып, 100 келіден астам мефедрон тәркіленді

27 Мамыр 2025, 21:25
738
Бөлісу:
 polisia.kz
VIDEO
Фото: polisia.kz

ІІМ трансұлттық есірткі тобының қызметіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Астана қаласында арнайы операция барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері синтетикалық есірткі таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты ұстады. Жедел іс-шаралар нәтижесінде шетелдік азаматтар ұсталды. Олардан 100 келіден астам синтетикалық зат "мефедрон" тәркіленді. "Қара нарықта" бұл партияның құны шамамен 6 миллион АҚШ долларын құрайды. Ол 300 мың бір реттік дозадан тұрады. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Өзгелердің жаңалығы