Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған автокөліктердің экономикалық контрабандасын жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топты әшкереледі.
Ұйымдастырушылар автокөліктерді Ресейден Қазақстан аумағына қосалқы бөлшектер түрінде жалған кедендік құжаттар бойынша жеткізіп отырған. Қойманы тінту барысында 60 автокөлік (54 жеңіл және 6 жүк көлігі), заңға қайшы әрекеттерді растайтын құжаттар, жалған техникалық паспорттар мен РФ-ның жалған мемлекеттік нөмірлік белгілері тәркіленді. Мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала есептелген көлемі шамамен 650 млн теңгені құрайды - делінген агенттік таратқан ақпаратта.
Ұсталғандарға қатысты 2 айға дейін «қамауда ұстау» шарасы санкцияланды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.