Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыстық іс ІІМ Тергеу департаментінің өндірісінде, ол істі тергеу үшін ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды.
Оқи отырыңыз:
"Тергеу барысында ағзаны заңсыз трансплантациялауға трансплантолог Г.М. Құттымұратовтың қатысы бары анықталды. Осы жылдың мамыр айында ол қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 116-бабы, 3-бөлімі (екі немесе одан да көп адамға қатысты адам терісі мен органдарын заңсыз жолмен алу немесе алуға мәжбүрлеу) , 264-бабы, 2-бөлімімен (трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық ұйымға қатысу) бағаланды. Тергеуші судья күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қабылдады", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабының талабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу мүддесіне сай алдын ала тергеу барысы мен қорытындысы жариялауға жатпайды.
Бұған дейін қазақстандық трансплантолог Ғани Құттымұратовқа ағзаны заңсыз алмастырды деген күдік тағылғаны хабарланған болатын.